Абат Айымбетов "Қайратқа" қарсы матчке қатысуы мүмкін

Сурет: ҚФФ

"Астана" шабуылшысы Абат Айымбетов футболдан Қазақстан чемпионатының 13-ші турында "Қайратпен" матчке қатысуы мүмкін. Ойын 23 мамыр Нұр-Сұлтанда өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшы "Ақтөбемен" матчте алған жарақатынан сауығып, жалпы топқа қосылды. 

Еске салайық, форвард "Астана" командасына ресейлік "Крылья Советов" клубынан жалға алу құқымен ақпанда келген. Оған дейін Абат "Қайрат" сапында ойнаған және былтыр алматылықтарға чемпион атануға көмектескен. 

ҚПЛ-дің биылғы маусымында 25 жастағы қазақстандық жеті матчке қатысып, төрт гол соқты. 

Бұл матч алдында "Астана" 32 ұпаймен турнир кестесінде бірінші келеді, "Қайрат" 12 балл кем жинады (4).