Футбол
11 қыркүйек 2022 13:00

Абат Айымбетов "Каспийге" гол соққаннан кейін пікір білдірді

©Астана ФК

"Астана" шабуылшысы Абат Айымбетов Қазақстан чемпионатының 19-турында "Каспиймен" өткен ойыннан кейін пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қызықты әрі қиын кездесу болды, бірақ, жеңіске жеткенімізге ризамын. Ең маңыздысы үш ұпайды иелендік. Қазір мен ақырындап физикалық тұрғыда бұрынғы қалпыма келудемін. Оған қоса бүгін гол салып, жеңіске жетуге өз үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын. Біз үшін ең бастысы ары қарай да жеңісті жолды жалғап, чемпион болу", - дейді Айымбетов.

Еске салайық, Ақтаудағы ойында елордалықтар 0:3 есебімен жеңіске жетті. Енді 19 матчтың қорытындысы бойынша "Астана" 37 ұпаймен турнир кестесінде 2-орынға жайғасса, "Каспий" 23 баллмен 10-орында қалды. Ал 39 ұпайы бар "Ақтөбе" көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport