Абат Айымбетов жарақатынан айығып шықты

11 қыркүйек 2021 14:38
©"Астана" ФК

Елордалық "Астана" командасының шабуылшысы Абат Айымбетов Қазақстан құрамасы сапында алған жарақатынан айығып, "Ақжайыққа" қарсы кездесуге қатыса алады. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында Айымбетов 13 кездесуге қатысып, алты гол соғып, бір нәтижелі пас берген. 

Шабуылшы Қазақстан құрамасының Финляндияға қарсы кездесуінде иығынан жарақат алды. Сол үшін да ол Босния және Герцеговина құрамасына қарсы кездесуге қатыспай, емделген. Қазір футболшы жарақатынан айыққан. 

Бірақ "Ақжайыққа" қарсы алдағы кездесуге "Астананың" жартылай қорғаушысы Марин Томасов пен Абзал Бейсебеков қатыса алмайды. Бұл екі футболшы да коронавирус жұқтырып алған. 

20 тур аясындағы "Ақжайық" пен "Астана" арасындағы кездесу бүгін, 11 қыркүйек күні Орал қаласында өтеді. Кездесу 18:00-де басталады. Матчті тікелей эфирде мына жерден көре аласыздар. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар