Футбол
5 қараша 09:06
 

Абат Айымбетов жаңа клубпен келіссөз бастады

  Пікірлер

blog.share

Абат Айымбетов жаңа клубпен келіссөз бастады ©"Адана Демиспор" ФК

Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов жаңа клубпен келіссөз бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов жаңа клубпен келіссөз бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөздің мәліметінше, 30 жастағы форвард "Ақтөбеге" қайта оралуы мүмкін. Тараптар ықтимал трансфер жайында келіссөз бастап кеткен.

"Қазіргі уақытта Аймбетов Түркияда физикалық дайындығын сақтап жүр. Дәл осы елге "қызыл алалар" да желтоқсанның ортасында алғашқы оқу-жаттығу жиынына баруды жоспарлап отыр", - деп жазады дереккөз.

Аймбетов өнер көрсеткен кейінгі клуб түркиялық "Адана Демирспор" болған. Ол бұл құрамда 37 матч өткізіп, алты гол соқты.

Маусым аяқталған соң "Адана Демирспор" Суперлигадан шығып қалды, ал 1 шілдеде қазақстандық футболшы клубпен келісімшартын тоқтатты. Қазір ол еркін агент мәртебесінде.

Бұған дейін Аймбетов "Ақтөбе", "Қайрат", "Астана" және Ресейдің "Крылья Советов" клубтарының намысын қорғаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!