| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 10:53
 

Абат Айымбетов жаңа клубқа қосылды

  Пікірлер

blog.share

Абат Айымбетов жаңа клубқа қосылды ©instagram.com/fcpetrolul.official

"Ақтөбе" футбол клубы Қазақстан құрамасының 30 жастағы шабуылшысы Абат Айымбетовтің командаға қайта оралғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Ақтөбе" футбол клубы Қазақстан құрамасының 30 жастағы шабуылшысы Абат Айымбетовтің командаға қайта оралғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айымбетов – "Ақтөбе" футболының символына айналған ойыншылардың бірі. Дәл осы шабуылшы 2013 жылы ел чемпионатындағы соңғы чемпиондықты сыйлаған әйгілі "алтын голды" соққан болатын.

"Ақтөбеден" кеткеннен кейін ол Алматының "Қайраты" мен елордалық "Астана" сапында Қазақстан чемпионы атанды.

Шабуылшының халықаралық деңгейде де тәжірибесі бар. Ол мына клубтардың намысын қорғады:

Ресейдің "Крылья Советов";
Түркияның "Адана Демирспоры";
Румынияның "Петролулы".

Айымбетов "Ақтөбе" клубының барлық жас деңгейінен өтіп, жастар құрамасымен де жетістікке жетті. Ал негізгі команда сапында 100-ден астам матч өткізіп, 20-дан аса голдың авторы атанды.

"Қош келдің, алтын бала!", – деп клубтың баспасөз қызметі өз түлегін жылы қарсы алды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!