Қазақстан ұлттық құрамасының және самаралық “Крылья Советов” командасының шабуылшысы Абат Айымбетов “Астана” клубына ауысуға жақын деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Матч ТВ" деректері бойынша, астаналық клуб самаралық “Крылья Советовпен” 25 жастағы ойыншыны жалға алу туралы келіссөздер жүргізуде. Ақпараттың анық-қанығы алдағы күндері белгілі болады.
Қазіргі уақытта клубтардың ойыншыға қандай көлемде жалақы төлейтіні туралы мәселе ғана Айымбетовтың ауысуын тежеп тұр.
Абат қазір Қазақстан ұлттық құрамасымен Украринада жүр. Ол құраманың Францияға қарсы ойынына қатыспады.
Айымбетов "Крылья Советов" клубына қысқы трансферлік кезең жабылуы алдында ауысқан болатын. Бірақ ол ресейлік команда сапында әлі ешқандай ойын өткізген жоқ. Қазақстандықтың келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін ай сайынғы жалақы көлемі 500 мың рубль (2,8 миллион теңге) болады деп күтілген еді.
Өткен маусымда шабуылшы "Қайрат" сапында өткізіп, Қазақстан чемпионатының 20 матчында он гол соққан болатын. Алматылық клуб 16 жылда бірінші рет чемпион болған еді.