Футбол
Бүгін 09:47

95-минуттағы гол Қазақстан - Словакия матчінің тағдырын шешті

©ҚФФ

Қазақстан мен Словакия құрамалары УЕФА Ұлттар лигасының алтыншы турында тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

С3 тобындағы кездесу Астанада өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

29-минутта ұлттық құраманың вингері Ислам Чесноков Ғалымжан Кенжебектің пасынан кейін Марек Родак қорғаған қақпаның маңдайшасының астына дәл соққы жасап, есеп ашты.

56-минутта Роберт Боженик қапталдан көтерілген допты баспен қақпаға бағыттап, таразы басын теңестірді.

Алайда 65-минутта Ян Вороговский сол Ғалымжан Кенжебектің пасынан кейін айып алаңының ішінен Родактың қақпасына тағы бір гол соқты. Осыдан кейін словакиялықтар да гол соққанымен, төреші VAR жүйесінің көмегімен оны есепке алмады.

Дегенмен қонақтар жеңілістен құтылып кетті. 90+5-минутта Адриан Капралик әдемі гол соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Словакия құрамасы топтағы басты міндетін мерзімінен бұрын орындап, бірінші орынды және В лигасына көтерілу құқығын қамтамасыз ете алды. Ал Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының келесі маусымын үшінші дивизионда бастайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport