"Интер Майами" шабуылшысы, 39 жастағы Лионель Месси кәсіби карьерасындағы 937-голына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аргентиналық футболшы MLS тұрақты чемпионаты аясында "Нью-Инглэнд Революшнға" қарсы кездесуде гол соқты. Бұл матчта оның командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойыннан кейін шабуылшы 1000 голдық межеге жетуді ойламайтынын және кезекті рекордты жаңартуды мақсат етпейтінін айтты.
"Карьерамдағы 937-голымды соқтым ба? Уау, шынымен бе? 1000 голға ұмтылып жүрмін бе? Жоқ, мен ешқандай межені көздеп жүрген жоқпын. Рекордтар мені қызықтырмайтынын үнемі айтып келемін. Мен тек футболдан ләззат алғым келеді", - деді Месси.
Осы маусымда аргентиналық футболшы "Интер Майами" сапында 33 матч өткізіп, 29 гол соқты және 16 нәтижелі пас берді.
Мессидің америкалық клубпен қолданыстағы келісімшарты 2028 жылдың соңына дейін жарамды.
Айта кетейік, 1000 голдық межеге жетуге Мессидің "бәсекелесі", португалиялық Криштиану Роналду жақын тұр. Оның еншісінде 985 гол бар.