Канада құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында алғашқы болып 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/16 финалдағы алғашқы кездесуде канадалықтар Оңтүстік Африка құрамасымен ойнады. Матчтің негізгі уақытында екі команда да есеп аша алмады.
Матч тағдыры қосымша уақыттың екінші минутында шешілді. Канада құрамасының жартылай қорғаушысы Стефан Эуштакиу айып алаңының шебінде допты бірінші болып қағып алып, қақпаның төменгі бұрышына дәл соққы жасады. Осы гол Канадаға 1:0 есебімен жеңіс сыйлады.
Осылайша, Канада құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына өткен алғашқы команда атанды.
Еске салайық, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне топтарда бірінші және екінші орын алған құрамалар, сондай-ақ үшінші орын алған командалардың ішіндегі ең үздік сегіз құрама жолдама алған еді.
Жарнама