Футбол
18 шілде 2025 10:04

91-минуттағы гол "Ақтөбенің" Еуропа лигасындағы тағдырын шешті

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Варшава қаласының "Легия" клубынан өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарымта кездесу Ақтөбеде өтіп, алаң иелері бұл матчте 0:1 есебімен ұтылды. Шешуші голды қонақтар 90+1-минутта соқты, гол авторы Юрген Элитим. Айта кетейік, Польшаның Варшава қаласында өткен алғашқы ойын да 1:0 есебімен "Легияның" пайдасына аяқталған еді.

Енді "Ақтөбе" өз жолын Конференциялар лигасында жалғастырады - екінші іріктеу кезеңінде чехиялық "Спарта" командасымен кездеседі. Ал "Легия" Еуропа лигасының келесі кезеңінде "Баникпен" ойнайды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport