Германияның "Байер" клубы "Арсенал" командасымен УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы бірінші матчта тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Екінші тайм басталғаннан кейін "Байер" алға шықты. 46-минутта жартылай қорғаушы Роберт Андрих дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.
Алайда "Арсенал" матч соңында есепті теңестіріп үлгерді. 89-минутта неміс шабуылшысы Кай Хаверц пенальтиді сәтті орындап, "канонирлерге" қарымта матч алдында маңызды гол сыйлады.
Қарымта кездесу 17 наурызда Лондон қаласындағы Эмирейтс стадионында өтеді.