88-ші минутқа дейін 2:0 есебімен ұтылып жатқан "Барселона" сұмдық камбек жасады

Сурет: edujandon.com

Каталондық "Барселона" командасы "Гранаданы" ұтып,  футболдан Испания кубогының жартылай финалына шықты.

1/4 финал кездесуі Гранадада өтіп, 5:3 есебімен овертаймда аяқталды. Айта кету керек, 88-ші минутқа дейін каталондықтар 0:2 есебімен ұтылып жатқан.

"Барселона" сапында Антуан Гризманн (88 және 100-ші минут) және Жорди Альба (90+2, 113) екі голдан және Френки де Йонг (108) бір гол салды. Алаң иелерінен Кенеди (33), Роберто Сольдадо (47) және Феде Вико (103, пенальти) гол соқты.

Испания кубогының жартылай финалдағы "Барселонаның" қарсыласы кейін анықталады.