"Барселона" вице-капитаны әрі Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Дани Ольмоны мюнхендік "Баварияға" сатуы мүмкін. Мұны қарастыру үшін каталондық клуб футболшы үшін 80 миллион еуро көлемінде ұсыныс түсуін күтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бавария" Ольмоға қызығушылық танытып отырОльмо неміс алпауытының қызығушылығын тудырып отырғалы біраз уақыт болды. Мюнхендік клуб испаниялық футболшыны көптен бері бақылап келеді және оның команда құрамына сәтті бейімделе алатынына сенеді.
El Nacional басылымының хабарлауынша, жартылай қорғаушыға қатысты жағдай Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнайтын Жоау Фелишенің "Барселонаға" оралуына байланысты өзгеруі мүмкін. Португалиялық шабуылшы каталондық командаға қайта қосылса, шабуыл шебінде және алаңның ортасында негізгі құрамдағы орындар үшін бәсеке күшейеді.
Осыған байланысты "Барселона" құрамды оңтайландыру және футболшы үшін қомақты қаржы алу мақсатында Ольмоны сатуды қарастыруы мүмкін.
Ольмо осы маусымда сегіз матч өткіздіОльмо "Барселонада" 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол командаға немістің "РБ Лейпциг" клубынан 61 миллион еуроға ауысқан. Қазіргі маусымда 28 жастағы испаниялық барлық турнирде сегіз матч өткізіп, үш нәтижелі пас берді.
Жартылай қорғаушының каталондық клубпен қазіргі келісімшарты 2030 жылға дейін есептелген.