80 миллион еуро тұратын ойыншы әлем чемпионатына қатыспайтын болды

©bukmekerov

"РБ Лейпциг" клубы мен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Кристофер Нкунку құраманың жаттығуы кезінде жарақат алды.

Белгілі болғандай футболшы тізесін жарақаттаған. Соның салдарынан жаттығуды уақытынан бұрын аяқтауға мәжбүр болған.

Биылғы маусымда Нукунку "РБ Лейпциг" сапында өткізген барлық турнирде алаңға 23 рет шығып, 17 гол салды. Ойыншының трансферлік құны 80 миллион еуроны құрайды. Ал неміс клубымен жасалған келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымында аяқталады.

Еске салайық, Катардағы әлем чемпионаты қараша айының 20 жұлдызынан бастап желтоқсанның 18 дейін болады. Франция құрамасы Дания, Тунис және Аустралия командаларымен D тобында кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар