Алматылық "Қайрат" Конференция лигасы топтық кезеңінде "Карабахтан" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әзірбайжанда өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды.
19-й минутта пенальтиді сәтті орындап, ойында есепті Хосе Канте ашты.
Жеңімпаздар сапынан Рамиль Шейдаев 79-минутта есепті теңестірді. Ал қосымша уақытта Аббас Гусейнов "Карабахқа" жеңіс голын сыйлады.
Бұл алматылық клубтың Конференция лигасындағы қатарынан екінші ұтылысы. Мұның алдында Құрбан Бердыевтің командасы "Омониямен" тең түсіп (0:0), кейін "Базельден" ұтылды (2:4).
Енді "Карабахпен" қарымта ойын 4 қарашада Қазақстанда өтеді. Үш ойында бір ұпай жинаған алматылық клуб Н тобында үшінші орында қалды. "Карабах" осынша матчта жеті ұпаймен бірінші орынға шықты.