700 гол салған Роналду футбол тарихына атын жазды

© Football24.ru
Танымал португалдық футболшы Криштиану Роналду мансабындағы 700-ші голын соқты. Шабуылшының мерейлі сәті болған ойында командасы жеңіске жете алмады.

2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Португалия Киевте Украина құрамасымен кездесті. Бірінші таймда екі гол соққан алаң иелері жеңіске бастар жолды тапты. 72 минутта Тарас Степаненко қолмен ойнағаны үшін алаңнан қуылып, Украина қақпасына пенальти белгіленді. 11 метрлік қашықтықтан Криштиану Роналду мүлт кеткен жоқ. Мансабындағы 700-голын соқты. Бірақ Португалия құрамасы есепті теңестіре алған жоқ.



Роналду 700 голды соғу үшін 974 рет алаңға шыққан. 458 ойында гол соққан. Бұл голдарын 12 турнир аясында салған.

700 голдың 450-ін Мадридтің "Реал" клубында ойнап жүргенде соққан. "Ювентуске" ауысқалы 32 гол соғып үлгерді. Ал ұлттық құрама сапында 95 рет ұлттық құрама сапында қарсылас команда қақпасының торын тулатқан. "Манчестер Юнайтедте" - 118, "Спортинг" сапында 5 гол соққан.


Жаңалықтар