Бразилияның Минас-Жерайс штатындағы жастар чемпионатының "Уберландия" мен "Маморе" командалары арасындағы жартылай финал матчы алаңнан жаппай қуылумен аяқталды. Бас төреші 53 қызыл қағаз көрсетіп, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаппай төбелес салдарынан 53 адам алаңнан қуылды
Оқиға матчтың 54-минутында "Маморе" футболшысы Дави гол соққаннан кейін болды. Ол голын тойлау кезінде қарсыластарына арандатушылық ишаралар көрсетіп, балағат сөздер айтқан. Осыдан кейін алаңда жаппай төбелес басталды.
Кездесудің бас төрешісі Фернандо Патрик "Маморе" командасының 21 футболшысын және "Уберландияның" 22 ойыншысын алаңнан қуды. Бұдан бөлек, екі команданың бапкерлер штабындағы сегіз өкіл мен екі менеджерге қызыл қағаз көрсетті. Осылайша, алаңнан қуылғандардың жалпы саны 53 адамға жетті.
?? Brazil football match sets Guinness record with 51 red cards The referee sent off 43 players and 8 coaches. Players used chairs and stretchers and attacked those already on the ground. Six ball boys reportedly joined the fight. Only the police managed to separate them. The brawl erupted in the second half of the Minas Gerais U20 state championship game between Uberlândia and Mamoré and lasted nearly 40 minutes.
— Visegrád 24 (@visegrad24) November 4, 2026
Матч тоқтатылғанда есеп 3:1 еді
Оқиғадан кейін төреші кездесуді мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдады. Сол сәтте "Маморе" 3:1 есебімен алда тұрған еді. Фернандо Патрик матч хаттамасында ойынды жалғастыру мүмкін болмағанын жазды.
Сондай-ақ төреші "Уберландия" менеджері тарапынан өзіне қоқан-лоқы көрсетілгеніне байланысты полицияға арыз түсіретінін мәлімдеді.
Бұған дейінгі рекорд 36 қызыл қағаз болған
CNN Brasil мәліметінше, қызыл қағаз саны бойынша бұған дейінгі әлемдік рекорд 2011 жылғы 27 ақпанда Аргентина чемпионатының бесінші дивизионында "Атлетико Клейпол" мен "Викториано Аренас" командалары арасындағы матчта тіркелген. Сол кезде төреші кездесуге қатысқан 36 адамды алаңнан қуған.
Бразилиядағы матч бұл көрсеткіштен бірден 17 қызыл қағазға асып түсті.
Жарнама