Футбол
27 шілде 2021 11:16
 

"50 де 50". Қазақстандық маман "Қайраттың" Чемпиондар лигасында "Црвена Звезданы" ұту мүмкіндігі жайлы

  Пікірлер

blog.share

"50 де 50". Қазақстандық маман "Қайраттың" Чемпиондар лигасында "Црвена Звезданы" ұту мүмкіндігі жайлы Сурет: "Црвена Звезда" ФК©

Қазақстандық бапкер әрі футбол функционері Болат Есмағамбетов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасы іріктеуінің қарымта матчінде "Қайрат" пен сербиялық "Црвена Звезданың" ойынына қатысты өз болжамын айтты. 

blog.share

Қазақстандық бапкер әрі футбол функционері Болат Есмағамбетов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасы іріктеуінің қарымта матчінде "Қайрат" пен сербиялық "Црвена Звезданың" ойынына қатысты өз болжамын айтты. 

"Црвена Звезда" өзі де ойнап, өзгеге де ойнауға мүмкіндік беретін команда сияқты көрінді. Сондықтан "Қайраттың" қарсыласы өз алаңында ұтуға тырысады. Сербиялықтар жоспарлы түрде қысымын арттыра беретін болар. Оның үстіне командалар бір-бірінің әлсіз және мықты тұстарын біліп алды. "Қайратқа" оңай соқпайды. 

Ашық ойын болатын шығар. "Қайрат" алдында ашық аймақтар болатынға ұқсайды, осыны пайдалану керек. Қиын болады, бірақ, батыл ойнау қажет. Нақты біреуі жеңеді деп айту қиын. Келесі кезеңге өту мүмкіндіктері 50 де 50", - дейді Есмағамбетов.

Еске салайық, бірінші ойында "Қайрат" Алматыда өткен бірінші ойында Сербия чемпионын 2:1 есебімен ұтты. Қарымта матч 29 шілдеге қараған түні өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!