Футбол
Бүгін 13:21
 

5 рет әлемнің үздігі болған Қазқастан қақпашысы карьерасын аяқтайды

  Пікірлер

blog.share

5 рет әлемнің үздігі болған Қазқастан қақпашысы карьерасын аяқтайды ©ҚФФ

Қазақстан футзал құрамасының қақпашысы әрі капитаны Лео Игита 2028 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі ұлттық құрамадағы соңғы кезеңі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан футзал құрамасының қақпашысы әрі капитаны Лео Игита 2028 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі ұлттық құрамадағы соңғы кезеңі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

40 жастағы қақпашы бұл туралы іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Беларусь құрамасын 5:4 есебімен ұтқаннан кейін мәлімдеді.

"Қазақстан үшін, маған есігін ашқан осы ел үшін ойнау маған үлкен эмоция сыйлайды. Қазақстан менің үйім, менің жерім екенін қайталаудан жалықпаймын. Бұл ел мені, әйелімді және қызымды құшақ жая қарсы алды. Сондықтан менің қолымнан келетін ең аз нәрсе - алаңға шығып, бар күшімді салу.

Сол себепті матчқа келген барлық жанкүйерге алғыс айтқым келеді және оларды бұдан кейін де ойындарымызға келуге шақырамын. Матчтарға келіп, бізді жеңіске жетелеңіздер. Ал сырт алаңда ойнаған кезде теледидардан немесе интернеттен бізді тамашалап, өздеріңіздің оң энергияларыңызды жолдаңыздар. Бізге бұл өте қажет. Өйткені әлем чемпионатына жолдама алғымыз келетіні рас!", - деді Игита Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.


Игита 2013 жылдан бері Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп келеді. Ол ұлттық құрама сапында 106 матч өткізіп, 11 гол соққан. Қақпашы Қазақстан құрамасымен бірге Еуро-2016 турнирінің қола жүлдесін иеленіп, 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Сондай-ақ ол үш түрлі Еуропа чемпионатында (2016, 2018, 2022) гол соққан алғашқы қақпашы атанып, әлемдік рекорд орнатты.

Игита бес рет әлемнің үздік қақпашысы атанды (2015, 2016, 2018, 2019, 2020). 2024 жылғы шілдеде ол ұзақ жылдар өнер көрсеткен "Қайраттан" кетіп, "Семей" клубына ауысты. "Қайрат" сапында қақпашы екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алып, жалпы саны 39 трофей иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!