400 миллион қарызы бар. Қазақстандық клубқа жаза қолданылуы мүмкін

©Қайсар ФК

Бірінші лиганың көшбасшысы "Қайсар" футбол клубы қаржы қиындықтарына тап болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Өткен жылы Қазақстан чемпионатынан ұшып кеткен қызылордалық ұжым биыл бірінші лигада 13-турдың қорытындысы бойынша 26 ұпаймен көш бастап тұр. Алайда сыр бойының командасы соңғы жылдары 400 миллион теңге қарызға батқан.

Егер осы жылдың нәтижесі бойынша команда элиталы дивизионға шыққан жағдайда футбол федерациясы команданы ҚПЛ-да ойнатпайды. Сонымен қатар, "Қайсар" ойыншылар мен бапкерлерге айлығын бермеген жағдайда ФИФА тарапынан санкцияға ілігеді.

Осыған дейін "Ордабасы" мен "Ақсу" клубтарына трансфер жасауға тыйым салынды. "Тараз" клубының да 700 миллион теңге қарызы барын айта кеткен жөн.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: