Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев "Это футбол, брат!" YouTube арнасында қонақ болып, жалақысының қанша екенін айтты.
- Магомед Мұсаұлы, Юранға ("Химки") жұмысынан кеткені үшін 40 миллион (рубль) ақша берді. Сізге Қазақстан құрамасында 40 миллион табу үшін қанша жұмыс істеу керек?
- Өте көп (күліп). Қазір мен келісімшартты жаңадан жазамын. Сол кезде азырақ жұмыс істеу керек болатын шығар (күледі).
Еске салайық, Адиевтің бастамасымен Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізіп, Ұлттар лигасында С дивизионынан В дивизионына шықты.