Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Францияға қарсы өтетін матч алдындағы ойын айтып, кездесудің пенальти сериясына дейін жетпегенін қалайтынын жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Матчта негізгі уақытта 4:0 есебімен жеңгенді қалар едім. Пенальти сериясын ұнатпаймын. Иә, мен оны жан-жақты зерттегенді жақсы көремін, пенальти тебетін ойыншылардың мәнерін талдауға қызығамын. Бірақ бәрібір мұны көбіне сәттілікке байланысты дүние деп есептеймін.
Сондықтан матч тағдырының пенальти сериясында шешілгенін қаламаймын", – деп береді Симонның сөзін RMC Sport.
Испания мен Франция құрамалары15 шілдеге қараған түні кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Жарнама