Аустриялық ЛАСК футбол клубы сенсациялық камбэк жасап, тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дитмар Кюбауэр шәкірттері плей-офф кезеңінің алғашқы матчында сырт алаңда шотландиялық "Селтикке" 0:3 есебімен жол берген еді.
ЛАСК керемет камбэк жасадыАлайда қарымта кездесуде аустриялық клуб керемет камбэк жасады. ЛАСК өз алаңында тағы да бір гол жіберіп алды (екі матч қортындысы бойына есеп 0:4 болды),бірақ, ары қарай есепті теңестіре алды және қосымша уақытта жеңіс голын салды. Осылай ЛАСК екі матч бойынша 5:4 есебімен басым түсті.
22-минутта Каллум Макгрегор есеп ашып, "Селтикті" алға шығарды. 33-минутта Мозес Усор таразы басын теңестірді. Екінші таймның басында, 48-минутта Роберт Любичич ЛАСК-ты алға шығарды. 58-минутта Сэмюэл Адениран аустриялықтардың үшінші голын соқты.
90-минутта Флориан Флеккердің голы ЛАСК-қа қажетті төртінші допты әкеліп, кездесуді қосымша уақытқа ауыстырды. Ал 109-минутта Адениран тағы бір рет мергендік танытып, ЛАСК-қа тарихи жеңіс сыйлады - 5:1.
Осылайша ЛАСК УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Ал "Селтик" Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.
ЛАСК Аустриядан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан бесінші клуб атанды. Бұған дейін бұл жетістікке "Ред Булл Зальцбург", "Рапид", "Штурм" және "Аустрия" қол жеткізген.