38 жастағы Ибрагимович дубль жасап "Миланды" Италия чемпионатының бірінші турында жеңіске жеткізді

22 қыркүйек 2020 14:18
Сурет: FootBoom
"Милан" Италия чемпионатының бірінші турында "Болоньяны" ұтты, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Миланда өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Екі голды да Златан Ибрагимович салды (35 және 50-ші минут, кейінгісі пенальти). 88-ші минутта алаң қонақтарының қорғаушысы Митчелл Дейкс алаңнан қуылды. ФИФА ұйымының Twitter желісінде хабарлауы бойынша, 38 жастағы Ибрагимович ұлттық чемпионаттардағы жоғары дивизион клубы үшін 22 маусымда бір гол болсын салды. 

А сериясының екінші турында "Милан" сырт алаңда "Кротоне" командасымен ойнайды, ал "Болонья" өз алаңында "Парманы" қабылдайды. Ибрагимович маусым басында "Миланмен" келісімшартты ұзартқанын айта кетейік.