Футбол
11 қыркүйек 2020 15:53

33 жастағы футболшы әйел ерлер командасында ойнайтын болды

Сурет: Equalizer Soccer
Футболдан әлем чемпионы және Жапония құрамасымен Олимпиада жүлдегері болған Юки Нагасото ерлер командасында ойнайтын болды, - деп хабарлайды ESPN.


33 жастағы футболшы кейінгі үш жыл америкалық "Чикаго Ред Старз" сапында өнер көрсеткен. Жақында ол Жапонияға оралып, "Хаябуса Элевен" клубына жалға беру құқымен қосылды. Юки ерлер командасында ойнайтын Жапониядағы бірінші футболшы болып отыр. 

Юки Жапония құрамасында 2004 жылдан ойнап келеді. Ұлттық командамен ол 2011 жылы әлем чемпионы болды, 2008 жылы Шығыс Азия чемпионатының жеңімпазы және 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған. 

Мұның алдында Нидерланды елінде де футболшы қыз ерлер командасында ойнаған екен.