"300 мың доллар сұраған". Ресейлік футболшы Қазақстан намысын қорғай ма?

29 қыркүйек 2021 16:13
©sport.business-gazeta.ru

Ресей біріншілігінде "Рубин" командасында өнер көрсететін 25 жастағы жартылай қорғаушысы Александр Зуев Қазақстан құрамасында өнер көрсетуіне байланысты нақты жауап айтпады. Бұл туралы "Гол емес" телеграм-арнасы жазды. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, футболшының өкілдері Қазақстан федерациясынан 300 мың доллар сұраған екен. 

"Рубиннің" жартылай қорғаушысы Александр Зуев ҚФФ-ға Қазақстан құрамасында өнер көрсетуге байланысты нақты жауап бермеді. Зуевтің агенті Қазақстан құрамасы сапында ойнау үшін 300 мың доллар ақша сұрады деген ақпарат бар", - деп жазады канал. 

Еске салайық, Зуев мәскеулік "Спартак" командасының тәлімгері. Ол Қостанайда дүниеге келіп, жас кезінде Ресейге көшіп кеткен. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: