Футбол
17 қазан 12:49
 

“30 минут бойы жансақтау шараларын жүргізді“. Диас Төлеудің қазасына қатысты жаңа дерек айтылды

  Пікірлер

blog.share

“30 минут бойы жансақтау шараларын жүргізді“. Диас Төлеудің қазасына қатысты жаңа дерек айтылды ©видео кадры

Кеше матч уақытында "Хан Тәңірі" футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу қайтыс болды. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Кеше матч уақытында "Хан Тәңірі" футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу қайтыс болды. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басқарма мәліметінше, орталық қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесіне 2006 жылы туған науқас клиникалық өлім жағдайында жеткізілген.

"Оны оқиға орнында кезекшілік атқарған жеке медициналық жедел жәрдем бригадасы алып келді. Қабылдау кезінде науқастың тамыр соғысы мен артериялық қысымы болмаған, қарашықтары кеңейген. Медициналық бригада 30 минут бойы жансақтау шараларын жүргізгенімен, барлық қолданылған шараға қарамастан, биологиялық өлім тіркелді", - деп жазылған хабарламада.

Марқұмның сүйегі өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!