30 жылдан кейін. "Ливерпуль" Англия чемпионатында рекорд орнатты

Сурет: daznservices.com©️
Маусым аяқталғанға дейін жеті тур бұрын чемпион болған "Ливерпуль" Англия премьер-лигасының рекордын орнатты, деп хабарлайды "Чемпионат". 

Юрген Клопп жаттықтыратын команда 2001 және 2018 жылдары бес тур бұрын чемпион болған "Манчестер Юнайтед" пен "Манчестер Сити" рекордын бұзды. 

"Челси" өз алаңында "Ситиді" ұтып "Ливерпульді" чемпион етті

Бұл ливерпульдіктердің 30 жылдан кейінгі алғашқы жеңісі - кейінгі рет клуб 1990 жылы чемпион болған.