Футбол
20 маусым 2022 10:07

30 адам полицияда. Атырауда жанкүйерлер матчтан кейін жаппай төбелесті

©Видеодан скрин

Полиция "Ақтөбе" мен "Атырау" жанкүйерлерінің ҚПЛ 14-тур матчынан кейінгі жаппай төбелесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Атырауда өткен ойын алаң қонақтарының пайдасына 0:2 есебімен аяқталды. 

"Атырау облысының полиция департаменті хабарлайды: 19 маусым 17:55-те "Ақтөбе" - "Атырау" матчіне дейін жанкүйерлер арасында жанжал туған. Полиция қызметкерлері Атырау қаласының полиция басқармасына қоғамдық орында тәртіп бұзған 30 адамды жеткізді. 

Сәйкес құжаттар жиналып жатыр. Полиция шу құрылғыларын қолданбағанын хабарлайды. Жанкүйерлер қолында түрлі түсті түтін шығаратын және дыбыстық петардалар болған", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport