2,5 миллионға бағаланған Франция чемпионатындағы футболшы "Астанаға" қосылады

© francefootball.fr
ДР Конго құрамасы мен франциялық "Тулуза" шабуылшысы Фирмин Ндомбе Мубеле "Астана" сапына өтеді, - деп хабарлайды Goalkz.kz.

25 жастағы форвард карьерасында конголезиялық "Вите", катарлық "Аль-Ахли" және франциялық "Ренн" мен "Тулузада" ойнаған.  

Transfermarkt мәліметінше, Мубеле құны 2,5 миллион еуроға бағаланып отыр. 2018 жылдың қаңтарында футболшының трансферлік құны алты миллион болып, жыл соңына дейін түспеген еді.