23,5 миллион? Әлем чемпионатына баратын жанкүйерлер санында есеп жоқ

©realty

Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) ресми сайтында Катардағы әлем чемпионатының ойындарына сатылатын билеттердің екінші кезеңі басталатыны жайлы ақпарат тарады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Осы орайда әлемнің жан-жағынан 23,5 миллион жанкүйерден билет сатып алу үшін өтініш түскен.

Жанкүйерлердің көбі Аргентина, Бразилия, Англия, Франция, Мексика, Катар, Сауд Арабиясы мен АҚШ елінің өкілдері.

Еске салайық, Катардағы футбол тойы биыл қараша мен желтоқсан айларында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport