Бүгін, 3 қазанда футболдан Қазақстан чемпионатының 23-тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Тараз" бен "Атырау" арасындағы матч елорда уақытымен 16:00 басталса, 17:00 "Каспий" өз алаңында "Қызыл-Жарды" қабылдайды. Ал 18:00 Алматыда жергілікті "Қайрат" батыс қазақстандық "Ақжайықпен" кездеседі.
Qazsport телеарнасы "Тараз" бен "Алматыда" өтетін ойындарды тікелей эфирде көрсетеді.
Әзірге ішкі біріншілікте 23 матч өткізген "Астана" 53 ұпаймен көш бастап тұрса, "Тобыл" 52 ұпаймен екінші орында келеді. 22 ойынның қорытындысы бойынша "Қайрат" 41 баллмен үздік үштікті қорытындылап тұр.