23 жастағы Данил Устименко "Қайрат" командасының ҚПЛ-де ең көп ойын өткізген қақпашылар тізімінде үздік ондыққа кірді, деп жазады KazFootball.kz порталы.
Алматылық команда сапында Устименко ең алғашқы кездесуін 2020 жылы шілдеде "Жетісуға" қарсы кездесуде өткізді. Ол ойында "Қайрат" 3:0 есебімен жеңіске жетті. Содан бері қақпашы ҚПЛ-де 32 ойынға қатысып, 35 гол жіберді.
Жалпы "Қайрат" сапында осыған дейін 35 қақпашы өнер көрсеткен. Олардың ішінде ең көп ойын өткізгені - Стас Покатилов. Үздік үштіктің қатарында Илья Юров пен Александр Екторов бар.
"Қайрат" сапында ҚПЛ-де ең көп ойын өткізген қақпашылар:
1. Стас Покатилов - 120 матч
2. Илья Юров – 93 матч
3. Александр Екторов – 85 матч
4. Евгений Набойченко – 77 матч
5. Владимир Плотников – 76 матч
6. Виталий Кафанов – 72 матч
7. Виктор Раскулов – 46 матч
8. Сергей Бойченко – 42 матч
9. Даниил Рихард – 40 матч
10. Данил Устименко – 32 матч
11. Ненад Эрич – 31 матч