Футбол
4 қараша 2022 15:53
 

23 жастағы "Қайраттың" қақпашысы Эричтің нәтижесінен асып түсті

  Пікірлер

blog.share

23 жастағы "Қайраттың" қақпашысы Эричтің нәтижесінен асып түсті ©"Қайрат" ФК

23 жастағы Данил Устименко "Қайрат" командасының ҚПЛ-де ең көп ойын өткізген қақпашылар тізімінде үздік ондыққа кірді, деп жазады KazFootball.kz порталы. 

blog.share

23 жастағы Данил Устименко "Қайрат" командасының ҚПЛ-де ең көп ойын өткізген қақпашылар тізімінде үздік ондыққа кірді, деп жазады KazFootball.kz порталы. 

Алматылық команда сапында Устименко ең алғашқы кездесуін 2020 жылы шілдеде "Жетісуға" қарсы кездесуде өткізді. Ол ойында "Қайрат" 3:0 есебімен жеңіске жетті. Содан бері қақпашы ҚПЛ-де 32 ойынға қатысып, 35 гол жіберді. 

Жалпы "Қайрат" сапында осыған дейін 35 қақпашы өнер көрсеткен. Олардың ішінде ең көп ойын өткізгені - Стас Покатилов. Үздік үштіктің қатарында Илья Юров пен Александр Екторов бар. 
 
"Қайрат" сапында ҚПЛ-де ең көп ойын өткізген қақпашылар:

1. Стас Покатилов - 120 матч

2. Илья Юров – 93 матч

3. Александр Екторов – 85 матч

4. Евгений Набойченко – 77 матч

5. Владимир Плотников – 76 матч

6. Виталий Кафанов – 72 матч

7. Виктор Раскулов – 46 матч

8. Сергей Бойченко – 42 матч

9. Даниил Рихард – 40 матч

10. Данил Устименко – 32 матч

11. Ненад Эрич – 31 матч

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!