Футбол
21 желтоқсан 2022 09:26

22 жастағы жігіт Аргентина жеңісін тойлаймын деп өліп кетті

©sport24.ru

Аргентина құрамасының жанкүйері ұлттық командасының Катардағы мундиальде жеңіске жеткенін тойлау кезінде көз жұмды, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Буэнос-Айрес провинциясындағы Баия-Бланка қаласында болған. 22 жастағы жігіт қаланы мотоциклмен кезіп жүргенде мойнындағы Аргентинаның туы дөңгелекке ілініп қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол сол жерде тұншығып мерт болған.

18 желтоқсанда Аргентина құрамасы өз тарихында үшінші рет әлем чемпионы атанды. 

20 желтоқсан елде демалыс күні жарияланды, бұл жанкүйерлердің ел астанасындағы чемпиондық шеруді тамашалау үшін жасалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport