auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

21 рет чемпион болған. "Қайраттың" Конференция Лигасындағы бүгінгі қарсыласы жайлы не белгілі?

21 рет чемпион болған. "Қайраттың" Конференция Лигасындағы бүгінгі қарсыласы жайлы не белгілі?
©"Омония" ФК

Бүгін "Қайрат" өз тарихында тұңғыш рет топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Осыған дейін Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының тобында "Шахтер" мен "Астана" ойнаған болатын. УЕФА-ның жаңа турнирі аясында "халықтық" команда "Омонияны" қабылдайды. Ендеше Кипрдің 21 дүркін чемпионымен таныс болыңыздар.

"Омония" ішкі біріншілікте 21 рет чемпион атанған. Сонымен қатар, 14 мәрте Кипр Кубогін және 17 рет Суперкубок иеленді.

1948 жылы негізі қаланған команда 1965/66 жылғы маусымнан бастап еурокубок жарыстарының іріктеу ойындарына қатысып келеді. Олардың арасында Кубок иегерлерінің Кубогі, Еуропа чемпиондарының Кубогі, УЕФА Кубогі, Еуропа Лигасы және Чемпиондар Лигасы. Биыл олардың арасына Конференция Лигасы қосылды.

2003 жылы "Ертіс" Қазақстан біріншілігін ұтқандықтан, келесі маусымда Чемпиондар Лигасындағы алғашқы қадамын жасады. Нәтижесінде 2003/04 жылы аталмыш турнирдің бірінші айналымында "Омония" мен "Ертіс" ұжымдары кездесті. Кипрде 0:0 есебі тіркелсе, Павлодарда "Омония" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ол кезде "Ертісті" Дмитрий Огай жаттықтырды.

"Омония" өз алаңындағы матчтарды ГСП аренасында қабылдайды. Сонымен қатар, бұл аренада қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс АПОЭЛ клубы мен Никоснияның "Олимпиакос" командалары ойындарын өткізеді.

Transfermarket сайтының мәліметінше, "Омония" ойыншыларының құны 15,78 млн еуро құрайды. Олардың арасындағы ең бағалысы Ияйи Атимвен. Жуырда Загребтің "Динамосынан" ауысып келген нигериялықтың трансферлік құны 1,5 млн еуро.

Салыстырмалы түрде, "Қайрат" клубының трансферлік құны 21,40 миллион еуро. Ең бағалы ойыншы Яцек Гуральски. Алайда, бүгінгі таңда 2,30 миллион еуро тұратын Польша құрамасының жартылай қорғаушысы жарақатына орай алаңға шыға алмайды.

Команданы норвегиялық Хеннинг Берг жаттықтырады. 52 жастағы маман көбіне 4-2-3-1 жүйесімен ойнағанды жөн көреді. Арасында 4-4-2 жүйесін де қолданады. 2019 жылы команда тізгінін ұстаған "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы "Омония" клубымен барлық турнирде 84 матч өткізіп, 47 жеңіске жеткен.

Кипрлік ұжым еурокубоктерде "Қайратқа" қарсы 150 кездесуін өткізеді.

Жуырда белгілі бапкер Құрбан Бердыев "Қайратқа" келді. Клуб басшылығының негізгі жоспары ел чемпионатында кезекті рет чемпион атанып, Конференция Лигасының плей-офф кезеңіне шығу. Айтпақшы, "Қайрат" пен "Омония" арасындағы ойында стадионға жанкүйерлердің 30 пайызын кіргізуге рұқсат берілген. Сондықтан, Алматының басты командасы аталмыш кездесуде қолдаусыз қалмайды. Өз кезегінде біз де "Қайратқа" жеңіс тілейміз.

Еске салайық, "Қайрат" – "Омония" ойыны бүгін елорда уақытымен 20:30 басталады. Бұл матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде таратады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама