Испанияның "Агрупасьон Депортива Сеута" футбол клубы қазақстандық шабуылшы Данил Анкудиновпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Vesti.kz.
Өткен маусымда 21 жастағы Анкудинов Испанияның бесінші дивизионындағы "Менсахеро" клубының намысын қорғады.
Футболшымыздың жаңа командасы - "Сеута" - алдағы маусымда Испания футболындағы екінші деңгейлі лига - Сегундада ойнайды және Ла Лигаға шығу үшін күреседі.
Анкудинов Қарағанды қаласының тумасы. Ол "Менсахероға" 2024 жылдың тамызында ауысты. Бұған дейінгі карьерасында футболшы Беларусьтің "Днепр-Могилёв", Литваның "Джюгас", Арменияның "Ван" (Чаренцаван), Молдованың "Шериф", сондай-ақ Мәскеудің "Родина-2" клубтарында өнер көрсеткен.
Данил Анкудинов Қазақстанның жасөспірімдер мен жастар құрамаларының (U17, U19 және U21) сапында да ойнаған.