2030 жылы Украинада футболдан әлем чемпионаты өтуі мүмкін

©sport-arenas

Украина футбол федерациясы Испания және Португалия елдерімен қатар 2030 жылы әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Биылғы жылы Испания пен Португалия футбол федерациялары 2030 жылы шілде айында мундиальды қабылдауға өтініш берді. Сол елдермен қатар, Украина да жарысты қабылдауға ниетті.

Өтініш берген елдердің арасында Аргентина, Уругвай, Парагвай мен Чили, Мысыр, Грекия мен Сауд Арабиясы бар.

2030 жылы төрт жылда бір келетін футбол тойын қабылдайтын елдер 2024 жылы ФИФА-ның 74-конгрессінде белгілі болады.

Еске салайық, 2012 жылы Украина Польшамен бірге Еуропа біріншілігін қабылдаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport