Футбол
Бүгін 16:46

2027 жылғы "Алтын допқа" басты үміткер анықталды: Мбаппе - 2, Кейн - 4, ал Холанд - 8-ші

©instagram.com/ballondorofficial/

Беделді Goal басылымы 2027 жылы "Алтын допты" жеңіп алуға басты үміткерлердің алдын ала рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімнің бірінші сатысына испаниялық "Барселона" командасының вингері Ламин Ямаль жайғасты. Екінші орынды мадридтік "Реалдың" франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе иеленді. Үздік үштікті каталондық клубтың тағы бір ойыншысы, бразилиялық шабуылшы Рафинья түйіндеді.

"Алтын доптың" қазіргі иегері, мюнхендік "Баварияның" ағылшын шабуылшысы Харри Кейн төртінші орынға орналасты. Ал үздік ондықты былтырғы жеңімпаз, "Пари Сен-Жерменнің" ойыншысы Усман Дембеле түйіндеді.

Goal нұсқасы бойынша 2027 жылғы "Алтын допқа" үміткер үздік ондық:

Ламин Ямаль ("Барселона")
Килиан Мбаппе ("Реал")
Рафинья ("Барселона")
Харри Кейн ("Бавария")
Дезире Дуэ (ПСЖ)
Витинья (ПСЖ)
Майкл Олисе ("Бавария")
Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити")
Деклан Райс ("Арсенал")
Усман Дембеле (ПСЖ)

Осылайша, үздік ондыққа "Барселона" мен ПСЖ-ның үш-үш ойыншысы енді.

Бұл рейтинг сарапшылардың алдын ала болжамын көрсетеді. Ал түпкілікті нәтиже футболшылардың маусымның қалған бөлігіндегі өнеріне байланысты болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport