Футбол
Бүгін 17:45

2026 жылғы үздік бапкер атағына басты үміткер анықталды

©ПСЖ ФК

"Алтын доп" жүлдесін ұйымдастырушылар түрлі номинациялар бойынша үміткерлерді жариялауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жолы жыл үздік бапкеріне табысталатын ерлер арасындағы Йохан Кройф жүлдесіне үміткерлердің бестігі жарияланды.

Foot Mercato мәліметінше, басты фаворит - ПСЖ бас бапкері Луис Энрике.

Испаниялық маман париждікклубты Чемпиондар лигасында қатарынан екінші рет жеңіске жеткізгеннен кейін жүлдені екінші жыл қатарынан иеленуге үміткер болып отыр.

Сонымен қатар оған тағы үш испаниялық маман бәсекелестік танытады. Луис де ла Фуэнте Испания құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткізгеннен кейін үміткерлер қатарына енді. Ал Микель Артета "Арсеналды" 22 жылдан кейін алғаш рет Англия чемпионы атандырып, командасын Чемпиондар лигасының финалына жеткізді.

Тағы бір үміткер - Унаи Эмери. Оның жетекшілігіндегі "Астон Вилла" Еуропа лигасында жеңімпаз атанды. Үздік бестікке "Баварияның" бас бапкері Венсан Компани де кірді. Мюнхендік клуб Германия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті.

2026 жылғы үздік ерлер бапкері жүлдесіне үміткерлер:

Микель Артета ("Арсенал");
Луис де ла Фуэнте (Испания құрамасы);
Унаи Эмери ("Астон Вилла");
Венсан Компани ("Бавария");
Луис Энрике (ПСЖ).
"Алтын доп"-2026 қашан табысталады?

Еске салайық, биылғы рәсім ерекше болмақ. Жүлде тарихындағы 70 жылда алғаш рет марапаттау рәсімі Парижде емес, Лондонда өтеді. Гала-кеш 26 қазанға жоспарланған.

Марапаттау рәсімінің Лондонға ауысуы "Алтын доптың" мерейтойына орайластырылып, жүлденің алғашқы иегері - ағылшын футболының аңызы сэр Стэнли Мэттьюзге көрсетілген құрмет болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport