1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 10:42
 

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеңімпазы аталды

  Пікірлер

blog.share

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеңімпазы аталды ©x.com/FIFAcom

Opta статистикалық сервисі 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Opta статистикалық сервисі 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтетін мундиаль қарсаңында суперкомпьютер турнирдің 10 мың симуляциясын жүргізіп, ұлттық құрамалардың чемпиондыққа жету мүмкіндігін бағалады.

Турнирдің басты фавориті

Opta есебі бойынша, 2026 жылғы әлем чемпионатының басты фавориті – Испания құрамасы. Суперкомпьютер испандықтардың чемпион атану ықтималдығын 16,1 пайыз деп бағалаған.

Испания құрамасы турнирге Еуро-2024 жеңімпазы ретінде қатысады. Бұл фактор олардың фавориттер рейтингіндегі орнын одан әрі нығайта түседі.

Испанияның негізгі бәсекелестері

Чемпиондыққа басты үміткерлер қатарында Франция мен Англия құрамалары да бар.

Францияның әлем чемпионы атану мүмкіндігі 13 пайызға тең болса, Англия құрамасының көрсеткіші 11,2 пайызды құрады. Осылайша, олар Opta нұсқасы бойынша үздік үш фавориттің қатарына енді.

ЧМ-2026 ерекшелігі

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден үш елдің аумағында өтеді. Сонымен қатар турнирге қатысушылар саны 48 ұлттық құрамаға дейін ұлғайтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!