Бүгін, 11 маусымнан 12 маусымға қараған түні футболдан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Турнирдің ашылу матчында Мексика құрамасы Мехикода Оңтүстік Африка Республикасы құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу "Ацтека" стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Көрермендер ашылу салтанатын да тамашалай алады. Трансляция сағат 23:40-та басталады. Ойын Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан, сондай-ақ, телеарналардың ресми сайттарынан көрсетіледі.
Бұл кездесудің бас төрешісі бразилиялық Вилтон Сампайо болады.
Айта кетейік, Мексика құрамасы АҚШ және Канадамен бірге әлем чемпионатын қабылдаушы елдердің бірі саналады. А тобында бұлардан бөлек Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары да өнер көрсетеді.
Алдағы әлем чемпионатында тарихта алғаш рет 48 ұлттық құрама бақ сынайды.