Мексика ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы жолдастық матчта Сербия командасын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Мексиканың Толука қаласындағы "Немесио Диес" стадионында өтіп, алаң иелері 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Жеңімпаздар сапында Йохан Васкес 34-минутта, Рауль Хименес 57-минутта және Луис Чавес 90-минутта гол соқты. Сонымен қатар сербиялық қорғаушылар Стефан Букинач (45+2) пен Адем Авдич (72) өз қақпаларына гол соғып алды.
Сербия құрамасының жалғыз голын Петар Станич 19-минутта салды.
2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 ұлттық құраманың қатысуымен өтеді. Сондай-ақ, бұл турнир үш елдің – АҚШ, Канада және Мексиканың аумағында ұйымдастырылатын алғашқы мундиаль болмақ.
Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.
Мексика құрамасы А тобында Оңтүстік Африка Республикасы, Оңтүстік Корея және Чехия құрамаларымен кездеседі.
Жарнама