| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 07:58
 

2026 жылғы ӘЧ-нің плей-офф кезеңінің алғашқы жұбы анықталды

  Пікірлер

blog.share

2026 жылғы ӘЧ-нің плей-офф кезеңінің алғашқы жұбы анықталды ©depositphotos.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінің алғашқы жұбы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінің алғашқы жұбы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/16 финалда турнир қожайындарының бірі саналатын Канада құрамасы Оңтүстік Африка Республикасы құрамасымен кездеседі.

ОАР құрамасы В тобында күтпеген жерден екінші орынға тұрақтап, төрт ұпай жинады. Африкалық команда алғашқы турда әлем чемпионатын қабылдап жатқан тағы бір ел - Мексикадан 0:2 есебімен ұтылды. Кейін Чехиямен 1:1 есебімен тең ойнап, соңғы турда Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен ұтты.

Ал Канада құрамасы А тобында төрт ұпаймен екінші орын алды. Канадалықтар Босния және Герцеговинамен 1:1 есебімен тең түсіп, Катарды 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Алайда соңғы турда Швейцарияға 1:2 есебімен жол берді.

ОАР мен Канада арасындағы кездесу 28 маусымнан 29 маусымға қараған түні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді. Бұл Канада құрамасының осы мундиальдағы өз елінен тыс жердегі алғашқы ойыны болмақ. Топтық кезеңде олар бір матчты Торонтода, тағы екі ойынды Ванкуверде өткізді.

Өз кезегінде ОАР құрамасы бұл әлем чемпионатында АҚШ-тағы екінші матчын өткізеді. Бұған дейін "бафана-бафана" Чехиямен Атлантада кездескен. Ал Мексикамен ойынды Мехикода, Оңтүстік Кореямен матчты Гвадалупеде өткізген еді.

Әлем чемпионатының топтық кезеңі 11-27 маусым аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша әр топтан үздік екі команда және үшінші орын алған сегіз үздік құрама плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Айта кетейік, ӘЧ-2026 турнирі АҚШ, Мексика және Канада алаңдарында өтіп жатыр. Әлем біріншілігі 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады. Қазіргі әлем чемпионы - Аргентина құрамасы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!