ESPN 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты қарсаңындағы ұлттық құрамалардың рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл жолы әлем чемпионаты алғаш рет кеңейтілген форматта ұйымдастырылып, финалдық кезеңде 48 құрама бақ сынайды. Қатысушылардың толық тізімі 1 сәуірде анықталды.
ESPN нұсқасы бойынша басты фавориттердің ондығы төмендегідей:
Франция;
Испания;
Англия;
Бразилия;
Португалия;
Нидерланд;
Аргентина;
Германия;
Норвегия;
Бельгия.
Айта кетейік, қазіргі әлем чемпионы - Аргентина ұлттық құрамасы. Алайда аталған рейтингте "альбиселесте" жетінші орынға ғана жайғасқан.
Жарнама