1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Кеше 14:53
 

2026 жылғы ӘЧ матчтерін Қазақстанда тікелей көрсетеді

  Пікірлер

blog.share

2026 жылғы ӘЧ матчтерін Қазақстанда тікелей көрсетеді ©ФИФА

Қазақстан телерадиокорпорациясы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарын көрсету құқығын ресми түрде сатып алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан телерадиокорпорациясы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарын көрсету құқығын ресми түрде сатып алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

2026 жылғы ӘЧ матчтарын Қазақстанда қайдан көруге болады?

Қазақстандық жанкүйерлер мундиаль ойындарын Qazaqstan телеарнасы және Qazsport телеарнасы арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.

Сонымен қатар, онлайн-трансляциялар Qazaqstan.tv, Qazsporttv.kz сайттарында, сондай-ақ Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы мен Birge.tv платформасы арқылы қолжетімді болады.

Әлем чемпионаты қашан және қайда өтеді?

Футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Тарихта алғаш рет мундиаль бірден үш елде — АҚШ, Канада және Мексика аумағында ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, алғаш рет әлем чемпионатына 48 құрама қатысады.

2026 жылғы ӘЧ топтарының құрамы

48 команда төрт құрамадан тұратын 12 топқа бөлінген. Плей-офф кезеңіне әр топтан үздік екі команда, сондай-ақ үшінші орын алған үздік сегіз құрама жолдама алады.

1/16 финалда барлығы 32 құрама ойнайды.

А тобы: Мексика, ОАР, Оңтүстік Корея, Чехия
B тобы: Канада, Швейцария, Катар, Босния және Герцеговина
C тобы: Бразилия, Марокко, Гаити, Шотландия
D тобы: АҚШ, Парагвай, Австралия, Түркия
E тобы: Германия, Кюрасао, Кот-д’Ивуар, Эквадор
F тобы: Нидерланд, Жапония, Тунис, Швеция
G тобы: Бельгия, Мысыр, Иран, Жаңа Зеландия
H тобы: Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, Уругвай
I тобы: Франция, Сенегал, Норвегия, Ирак
J тобы: Аргентина, Алжир, Австрия, Иордания
K тобы: Португалия, Колумбия, Өзбекстан, Конго Демократиялық Республикасы
L тобы: Англия, Хорватия, Гана, Панама

Айта кетейік, плей-офф кезеңі 1/16 финалдан басталады. Әр кезең бір матчтан тұрады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!