2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына шешуші матчтар арқылы Еуропадан жолдама алған барлық құрамалар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қосымша іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша мундиальге келесі құрамалар өтті: Чехия (Даниямен — 2:2, пенальтиде 3:1), Босния және Герцеговина (Италиямен — 1:1, пенальтиде 4:1), Түркия ұлттық құрамасы (Косовоны — 1:0) және Швеция (Польшаны — 3:2) жеңді.
Топтық кезеңдегі жұптар:
Чехия — A тобында Мексика, ОАР және Оңтүстік Кореямен ойнайды.
Босния және Герцеговина — B тобында Канада, Катар және Швейцариямен кездеседі.
Түркия ұлттық құрамасы — D тобында АҚШ, Парагвай және Аустралиямен күш сынасады.
Швеция — F тобында Нидерланд, Жапония және Туниспен ойнайды.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет кеңейтілген форматта өтеді — турнирге 48 құрама қатысып, 12 топқа бөлінеді (әр топта 4 командадан).
Әлем біріншілігі 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Жарнама