Футбол
15 тамыз 13:26

2025/26 маусымында АПЛ чемпионы кім болатыны айтылды

©

"Манчестер Юнайтед" клубының жартылай қорғаушысы Каземиро АПЛ-дің 2025/26 жылғы маусымында қай команда чемпион болатынына қатысты өз болжамымен айтты, деп жазады Vesti.kz.

- Осы маусымда Англия чемпионы кім болады?

- "Манчестер Юнайтед", — деп қысқа жауап берді бразилиялық футболшы British GQ басылымына берген сұхбатында.


Айта кетейік, өткен маусымда Рубен Аморимнің басшылығымен ойнаған команда тек 15-орынмен шектеліп, 42 ұпай жинаған. Бұл клуб тарихындағы ең сәтсіз маусымдардың бірі саналады.

"Манчестер Юнайтед" соңғы рет АПЛ чемпионы атағын 2012/13 жылғы маусымда иеленген. Ол кезде команданы аңызға айналған бапкер сэр Алекс Фергюсон басқарған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport