2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстанның әйелдер құрамасы екінші матчте ұтылды

22 қыркүйек 2021 11:25
©ҚФФ

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчінде Грекия командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Грекияда өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Анастасия Спиридониду (7 және 72-минутта) дубль жасады және Айгерім Айтымованың (45+2) автоголы грекиялықтар есебіне жазылды. Қазақстан командасынан Светлана Бортникова (19-минут) және Бегайым Қырғызбаева (81) гол салды.

22 қазан Қазақстанда қарымта матч өтеді.

Айта кетейік, іріктеудегі бірінші ойында қазақстандық футболшы қыздар Уэльстен ойсырай ұтылды (0:6). 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport