Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчінде Грекия командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Грекияда өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Анастасия Спиридониду (7 және 72-минутта) дубль жасады және Айгерім Айтымованың (45+2) автоголы грекиялықтар есебіне жазылды. Қазақстан командасынан Светлана Бортникова (19-минут) және Бегайым Қырғызбаева (81) гол салды.
22 қазан Қазақстанда қарымта матч өтеді.
Айта кетейік, іріктеудегі бірінші ойында қазақстандық футболшы қыздар Уэльстен ойсырай ұтылды (0:6).